«Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-I бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 675 бұйрығы

«Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-I бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 675 бұйрығы

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-I бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2729 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының капитаны туралы ережесінде:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Теңіз портының капитанына ПТӘ-нің мынадай қызметтерінің:

1) кеменің шығу әзірлігін және теңізде жүзуге жарамды жай-күйде теңізге шығуға рұқсат беруді тексерудің;

2) кемелердің портқа келуін және олардың порттан шығуын белгіленген тәртіппен ресімдеудің;

3) кеме құжаттарын, сондай-ақ басшы және қатардағы құрамның тұлғаларына атақ беру дипломдарын, біліктілік куәліктерін, дипломдарының растаулары мен жеңілдікті рұқсаттарды тексерудің;

4) кеменің порттан шығуына рұқсат беруге кедергі болатын кемшіліктерді жоюды тексеру мақсатында кемені бақылап тексеруді жүргізудің;

5) кемелерді Мемлекеттік кеме тізіліміне кеме кітабына, бербоут-чартерлік тізілімге және жасалып жатқан кемелер тізіліміне енгізу және кеме құжаттарын берудің;

6) кемелерге және жасалып жатқан кемелерге, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің кепіліне меншік құқығын және оларға өзге де құқықтарды мемлекеттік тіркеу және кеме құжаттарын берудің;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.