Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 шілдедегі № 757 бұйрығы
(2024.11.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрілігі туралы ережеге сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
ҚР Қаржы министрінің 2024.24.07. № 480 бұйрығымен тізбе өзгертілді (2024 ж. 11 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 12 шілдедегі
№ 757 бұйрығымен
бекітілген
Нарықтық бағалар туралы ресми танылған ақпарат көздерінің
тізбесі
| № | Ақпарат көзі | Баспагер және баспа елі | Тауарлардың (қызметтердің) атауы | ЕАЭО СЭҚ БТН коды* |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1 | Crude Oil Market Wire Basic Service | S&P Global Inc. (S&P Global Commodity Insights), Америка Құрама Штаттары | Мұнай | 2709 00 900 |