«Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 382 бұйрығы (2026.17.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары мен мөлшерін, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 382 бұйрығы

(2026.17.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2026.31.07. № 146 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2026.31.07. № 146 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 17 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Кәсіпкерлік субъектілерінің туристік ресурстардағы және оларға апаратын жолдардағы санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалған шығындарының бір бөлігін субсидиялау қағидалары мен мөлшері, сондай-ақ санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға жұмсалатын шығындар субсидиялануға тиіс осындай тораптарға қойылатын талаптар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.