«Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 607 бұйрығы (2026.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 607 бұйрығы

(2026.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Ішкі істер министрінің 2024.12.04. № 322 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2024 ж. 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 2026.07.07. № 479 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 85) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Ішкі істер министрінің 2024.12.04. № 322 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 28 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидалар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитеті:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.