«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 292-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 10 қаңтардағы № 21-НҚ бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 222-1) тармақшасының негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 15 шілдедегі № 292-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңес құрамы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министріне жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаққалиев |
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрінің
2024 жылғы 10 қаңтардағы
№ 21-НҚ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Сауда және интеграция министрінің
2022 жылғы 15 шілдедегі
№ 292-НҚ бұйрығына
1-қосымша
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің
құрамы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі, Төраға;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі, төрағаның орынбасары;