Осы редакция 2016 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 357 бұйрығына 2-қосымша
«Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2015.13.11. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015.13.11. № 693 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) «Геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес (бұдан әрі - Стандарт) геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат беру арқылы көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес геодезиялық пункттерді бұзуға немесе қайта салуға (ауыстыруға) рұқсат(бұдан әрі — рұқсат) беру болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы өтініш білдірген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі электронды форматта ресімделеді, басылып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының қолтаңбасымен және мөрімен расталады.