Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығы
(2022.05.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2023 жылғы 14 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.05.04. № 366 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.05.04. № 366 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 172-бабы 15-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.05.04. № 366 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидалары;
2) ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022.05.04. № 366 бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес алкоголь өніміне есепке алу-бақылау маркаларының нысаны, мазмұны және қорғау элементі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М.Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;