Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 12 сәуірдегі № 405 Қаулысы
(2022.23.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесінің 100 (жүз) пайызын «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге беру рәсімдері аяқталғаннан кейін өзгерістер қолданысқа енгізілді)
«Әкімшілік шығыстарды қысқарту және 1999 жылғы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 1 ақпандағы № 5 өкімін орындау үшін, сондай-ақ мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру және жергілікті бюджеттердің кірісін ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 27.05.99 ж. № 660 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі акциялардың мемлекеттік пакеттері мен ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерін заң актілерінде белгіленген тәртіппен 1-қосымшаға сәйкес коммуналдық меншікке беруді қамтамасыз етсін, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері берілген акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншік түрлері мен ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестеріне қатысты жасасқан барлық шарттар мен келісімдер бойынша мемлекеттік қолданылып жүрген құқықтары мен міндеттемелерін сақтау шартымен.
2. 2-қосымшаға сәйкес акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктерінің тізбесі бекітілсін.