(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКА ЦИКЛЫ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ПРЕЗ...

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығы

(2020.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 7 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Бекітілсін:

1) Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;

2) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;

3) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;

4) Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;

5) Кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):

1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

3. «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар, орындаушылар мен кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 668 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5100-мен тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 182 (1408) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.