«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 229 бұйрығы (2024.01.07. берілген өзгерістермен)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 229 бұйрығы

(2024.01.07. берілген өзгерістермен)

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Субсидиялар кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы айырманы өтеуді болжайды.

Субсидиялар өңдеуші кәсіпорындарға дайын өнімді өндіру және өткізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйымдардан ауыл шаруашылығы өнімдерін ағымдағы жылы және алдыңғы жылдың төртінші тоқсанына сатып алуға кеткен шығындары үшін төленеді.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Комиссия ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің алдыңғы жылғы орташа бағалары бойынша статистикалық деректер талдауының қорытындылары бойынша (статистикалық деректер болмаған кезде жақын маңдағы өңірлердің деректері пайдаланылуы мүмкін) жылдық инфляция деңгейін есепке ала отырып, облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша ағымдағы жылға кепілдендірілген сатып алу бағасын (Бкеп.сат) айқындайды. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша алдыңғы жылғы статистикалық деректер болмаған кезде жақын маңдағы облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) деректері пайдаланылады.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.