«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 154 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қарашадағы № 465 Қаулысымен күші жойылды

Ақтөбе облысы әкімдігінің

2015 жылғы 20 мамырдағы

№ 154 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1. Жалпы ережелер

1. «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және нәтижені беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы және (немесе) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған).

3. Электрондық құжат нысанындағы мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру (бұдан әрі - куәлік) немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәкілетті лауазымды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап беру мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттер тәртібін сипаттау

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) басталуына негіз болып табылады:

көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен бекітілген «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.