«Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 529/НҚ бұйрығы (2025.26.07. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 529/НҚ бұйрығы

(2025.26.07. берілген өзгерістермен)

 

3-тармаққа сәйкес 2026 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 6-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.

 

 

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту министрлігі

 

«Келісілді»

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

 

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму,

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.