«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын бекіту туралы» 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 және «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 наурыздағы № 815 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын бекіту туралы» 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 және «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидалары бекітілсін.»;

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу қағидалары осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.