«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 3 сәуірдегі № 543 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 32, 332-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 3 сәуірдегі

 

№ 543

 

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2021 жылғы 3 сәуірдегі

№ 543 Жарлығына

ҚОСЫМША

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2008 жылғы 1 шілдедегі

№ 625 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес
ҚҰРАМЫ

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Кеңес төрағасы

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі, Кеңес төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Кеңес хатшысы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.