Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесін айқындау туралы
Қарағанды облыстық мәслихатының 2016 жылғы 29 қыркүйектегі IV сессиясының № 84 шешімі
Осы редакция 2017 жылғы 29 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, облыстық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау құрылыс, көлік және коммуналдық шаруаршылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Н.И. Иманов).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облыстық мәслихатының
2016 жылғы 29 қыркүйектегі
IV сессиясының № 84 шешіміне
қосымша
Қарағанды облысының әлеуметтік маңызы бар қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік қатынастар тізбесі