«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында және 26-1-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 660 Қаулысы (2026.01.01. берілген өзгерістермен)

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 1-тармағында және 26-1-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қыркүйектегі № 660 Қаулысы

(2026.01.01. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Үкіметінің 2025.29.09. № 807 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

ҚР Үкіметінің 2022.26.09. № 748 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2022 ж. 3 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

ҚР Үкіметінің 2025.29.09. № 807 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 1-тармағында және 26-1-бабының 1-тармағында аталған адамдардың санаттары бойынша және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын және еңбекші көшіп-қонушылар болып табылатын шетелдіктер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері бойынша деректерді міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақпараттық жүйесіне одан әрі беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына ұсынуға жауапты мемлекеттік органдардың тізбесі айқындалсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.