«Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 31 шілдедегі № 149 қаулысына 4-қосымша) (2019.16.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2017 жылғы 31 шілдедегі

№ 149 қаулысына

4-қосымша

 

ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 71 Қаулысымен күші жойылды

 

«Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің,

«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы

 қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

(2019.16.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атына қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің басшы қызметкерлері лауазымына кандидаттарды келісу нәтижелері туралы мәліметтер бар хат не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Қаржы ұйымдарының, банк, сақтандыру холдингтерінің, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру» стандартының (бұдан әрі - стандарт) 11-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.