Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2024 жылғы 23 қаңтардағы
№ 60 бұйрығына
3-қосымша
«Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу»
кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес «Компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу» кәсіптік стандарты әзірленді, ол компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеуді жүргізу жөніндегі сот сарапшысының біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындауға арналған және сот-сараптама қызметі саласында қолданылады.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім - кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
2) дағды - кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
3) жазба - қол жеткізілген нәтижелер туралы мәліметтерді қамтитын құжат немесе жүзеге асырылған қызметтің расталуы верификацияның, ескертуші әрекеттер мен түзетуші әрекеттердің жүргізілуінің куәлігін ұсыну және қадағалауын рәсімдеу үшін;
4) компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу объектілері - дербес компьютерлердің әр түрлі түрлерін, әр түрлі түрдегі және мақсаттағы перифериялық құрылғыларды, желілік аппараттық құралдарды, деректердің дискілік жинақтағыштарын қамтитын аппараттық объектілер; бағдарламалық объектілер, жүйелік бағдарламалық қамтлым, әртүрлі қолданбалы бағдарламалық өнімдер; ақпараттық объектілер;
5) компьютерлік технология құралдарын сот-сараптамалық зерттеу мәні - азаматтық, қылмыстық іс немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарында тіркелген ақпараттық процестерді іске асыруды қамтамасыз ететін компьютерлік құралдар мен жүйелерді әзірлеу және пайдалану заңдылықтарын зерттеу негізінде белгіленетін фактілер мен мән-жайлар.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады: