Электр энергетикасы және жылу энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 290 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 78 бірлескен бұйрығы
(2025.08.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2025.22.01. № 33-н/қ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025.22.01. № 4 бірлескен бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2025 ж. 8 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Энергетика министрінің 2022.30.12. № 449 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.30.12. № 140 бірлескен бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5, 6-тармақтарына, 143-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2025.22.01. № 33-н/қ және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025.22.01. № 4 бірлескен бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2025 ж. 8 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес электр энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жылу энергетикасы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес энергия беруші ұйымдарға қатысты электр энергетикасы саласындағы тексеру парағы;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға қатысты электр энергетикасы саласындағы тексеру парағы;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға қатысты электр энергетикасы саласындағы тексеру парағы;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сараптама ұйымдарына қатысты электр энергетикасы саласындағы тексеру парағы;