Еңбегіне ақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 108 бұйрығы
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 17 желтоқсандағы № 573 бұйрығымен күші жойылды
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Еңбегіне ақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.