10-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын ғылыми ұйымдармен, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен еңбек қатынастарында тұратын ғылыми қызметкерлер, инженерлік-техникалық және өзге де жұмыскерлер, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті өз бетінше жүзеге асыратын ғалымдар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар болып табылады.
2. Жеке тұлғалардың ғылымды қаржыландыру қағидалары мен конкурс шарттарына сәйкес бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми- техникалық жобалар мен бағдарламалар конкурстарына қатысуына құқығы бар.
2026.24.06. № 321-VIII ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың (ғылыми жарыстардың) конкурстары бойынша ұлттық және облыстық командалардың, тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін кәсіптік шеберлік конкурстарының мүшелері ғылыми зерттеулер жүргізу үшін академиялық артықшылық орталықтарын, ғылыми инфрақұрылымды, оның ішінде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында орналасқан цифрландыру объектілерін пайдалануға құқылы.
2026.24.06. № 321-VIII ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-1-бап. Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері
1. Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге академиялық еркіндікке және шығармашылық еркіндік құқығына кепілдік беріледі.
2. Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің:
1) егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаса, ғылыми зерттеулерді басқаның араласуынсыз жүзеге асыруға, олардың нәтижелерін еркін талқылап, жариялауға;
2) өздерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін өз бетінше жоспарлауға және ұйымдастыруға;
3) ғылыми зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелердің бағыты мен мазмұнын, әдістері мен құралдарын өз бетінше айқындауға;
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жол берілетін ғылыми негізделген тәуекелмен жүзеге асыруға;
5) заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, ғылыми және ғылыми-техникалық ақпаратқа қолжетімділік алуға;
6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға байланысты себептер бойынша өз құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғалуға;
7) өздері авторы (авторлары) болатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінен кіріс алуға;
8) өздерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің объективті бағалануына, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де ынталандыру шараларына;
9) ғылыми, ғылыми-техникалық кадрларды даярлауға қатысуға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру процесінде оларға білімі мен тәжірибесін беруге;
10) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң- дарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер:
1) ғылыми әдеп талаптарына сәйкес ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға;
2) мүдделер қақтығысы мен жосықсыз бәсекелестікті болғызбауға;
3) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді сақтауға міндетті.
1. Қызметінің негізгі түрлері ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыру, оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты іске асыру, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылатын заңды тұлға ғылыми ұйым болып табылады.
Ғылыми ұйым жанынан консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік меншік құқығына негізделген, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы ғылыми ұйымдар мемлекеттік ғылыми ұйымдар болып табылады.
Ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелер өздерінің жарғылық мақсаттарына сəйкес келетін қызметтерді көрсетуге жəне осындай көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сəйкес уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен пайдалануға құқылы.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі ғылыми ұйымдар, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі ғылыми ұйымдар мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдар болып табылады. Жанама тиесілілік өзге заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы әрбір келесі тұлғаға тиесілі болатынын білдіреді.
2025.30.06. № 200-VIII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2025 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы жалғыз жоғары ғылыми ұйым болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы өз қызметін ғылымның аса маңызды бағыттары бойынша жүргізілетін іргелі және (немесе) қолданбалы ғылыми зерттеулердің сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Мемлекет қатыспайтын заңды тұлға түрінде құрылған академияларға өз атауында «ұлттық» деген сөзді кез келген тілде толық немесе қысқартылған түрде пайдалануға тыйым салынады.
4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласында жұмыс істейтін академиялар, қоғамдық бірлестіктер болып табылатын ғалымдардың шығармашылық одақтары ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық саясатты іске асыруға, ғылымды дамытудың басым бағыттарын әзірлеуге, ғылыми сыйлықтар алуға ұсынылған ғылыми зерттеулер мен жұмыстарды ғылыми-техникалық сараптауға қатысады, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін ғалымдарды кәсіби жұмылдыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
12-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметі
1. Білім беру қызметімен қатар ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, инновациялық қызмет, оның ішінде зияткерлік меншік объектілеріне құқықты іске асыру, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы жүзеге асыратын қызметтің негізгі түрлері болып табылады.
2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ олардың ғылыми қызметкерлерінің ұжымдық пайдаланымдағы ғылыми зертханалар көрсететін қызметтерді пайдалануға, бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға арналған конкурстарға қатысуға тең құқығы бар.
3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары оқу-білім беру процесіне ғылымның озық жетістіктерін ендірумен қатар оқыту процесіне ғылыми, ғылыми-зерттеу ұйымдарының ғалымдарын, оның ішінде шетелдік ғалымдарды тартуға құқылы.
4. Мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ғылыми зертханаларды, ғылыми-зерттеу институттарын, тәжірибелік өндірістерді, жобалық-конструкторлық ұйымдарды, сондай-ақ ғылыми-білім беру консорциумдарын құруға құқылы.
5. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі зерттеу университеті мәртебесін бере алады.
1. Зерттеу университеті Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен университетті дамыту бағдарламасын іске асыратын және іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер мен өзге де ғылыми-техникалық, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға және ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске ендіруге қатысатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы болып табылады.
2. Зерттеу университетінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет пен білім беру процесін интеграциялау;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске ендіру жөніндегі қызмет.
3. Зерттеу университеті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларының стандарттарын өз бетінше әзірлейді және іске асырады. Білім беру бағдарламаларын іске асыру шарттарына және оларды меңгеру нәтижелеріне қойылатын талаптар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік стандарттарда белгіленетін тиісті бағдарламаларынан төмен бола алмайды.
4. Зерттеу университеті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау кезінде бейіндік бағыттың қосымша талаптарын белгілеуге құқылы.
14-бап. Ғылым саласындағы өзге де ұйымдар
Қызметінің негізгі түрі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет болып табылмайтын ұйымдар өздерінің құрылтай құжаттарында бекітілген міндеттерді шешу мақсатында өз құрылымында ғылыми бөлімшелер құруға құқылы.
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ, ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ
ӘЗІРЛІК ДЕҢГЕЙІ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕСТЕР
15-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясын (бұдан әрі - Ұлттық ғылым академиясы) Қазақстан Республикасының Үкіметі жоғары ғылыми ұйым нысанында құрады.
2. Ұлттық ғылым академиясы өз құрамында уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сайланатын Ұлттық ғылым академиясына мүше жеке тұлғаларды біріктіреді.
1) әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын айқындау жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдайды;
2) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңеске уәкілетті орган ұсынған ғылым мен технологияларды дамытудың стратегиялық басым бағыттарына талдау жүргізеді;
3) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларға сараптама жүргізеді;
2026.24.06. № 321-VIII ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1) ғылым мен технологияларды дамыту жөніндегі форсайттық (болжамдық) зерттеулердің, сондай-ақ өзге де талдамалық және статистикалық материалдардың нәтижелерін ескере отырып, ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындауды және басып шығаруды жүзеге асырады;
2026.24.06. № 321-VIII ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) ғылым мен технологияларды дамыту бойынша форсайттық (болжамдық) зерттеулер дайындауды және жүргізуді жүзеге асырады;
5) ғылым саласында атаулы сыйлықтар мен стипендиялар алуға конкурстар өткізеді;
6) ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында ғылыми зерттеулер жүргізеді;
8) халықаралық ғылыми және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға қатысады;
9) ғылымды танымал етуге қатысады;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4. Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары мыналар болып табылады:
1) жоғары орган - қамқоршылық кеңес (бұдан әрі - кеңес);
2) өкілді орган - Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің жалпы жиналысы (бұдан әрі - жиналыс);
3) консультативтік-кеңесші орган - төралқа (бұдан әрі - төралқа);
4) атқарушы орган - басқарма (бұдан әрі - басқарма).
Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары, олардың құрылымы, құзыреті, басқару органдарын қалыптастыру тәртібі, олардың мүшелерінің өкілеттік мерзімдері, олардың шешімдер қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен Ұлттық ғылым академиясының жарғысында (бұдан әрі - жарғы) белгіленеді.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын адам кеңес төрағасы болып табылады.
Кеңестің айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспарын бекіту, Ұлттық ғылым академиясының оларды іске асыру барысы туралы есептерін қарау;
2) ғылым және ғылыми-технологиялық саясат саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу;
3) Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
4) Ұлттық ғылым академиясының қызметін жүзеге асыру, Ұлттық ғылым академиясының басқару органдары қабылдаған шешімдерді орындау мәселелері жөніндегі ақпаратты қарау, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының қамқоршылық кеңесінің отырыстарында (жиналыстарында) мәселелерді қараудың қорытындылары бойынша Ұлттық ғылым академиясының өзге де басқару органдарына арналған ұсынымдарды тұжырымдау;
5) Ұлттық ғылым академиясы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты қарау, осындай ақпаратты қараудың қорытындылары бойынша ұсынымдарды тұжырымдау;
2026.24.06. № 321-VIII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6) ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындау.
Кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасында, кеңес туралы жарғы мен ережеде белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыра алады.
6. Кеңес мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауға тиіс. Атқарушы органның мүшелері кеңеске сайлана алмайды.
7. Кеңес отырысы жылына кемінде бір рет өткізіледі. Кезектен тыс отырыс басқарманың шешімі бойынша не кеңес мүшелерінің кемінде жиырма пайызының талап етуі бойынша өткізіледі.
8. Кеңес мүшелері алдағы отырыс туралы кемінде үш күн бұрын хабардар етілуге тиіс.
9. Отырысқа қатысып отырған кеңес мүшелерінің кемінде жиырма пайызының талап етуі бойынша шешім қабылдау жасырын дауыс беру арқылы жүргізіледі.
10. Кеңес отырысын - төраға, ол болмаған кезде кеңес мүшелерінің бірі жүргізеді.
11. Кеңестің шешімі кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Кеңестің әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады.
12. Жиналыс Ұлттық ғылым академиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
13. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы жиналыс төрағасы болып табылады.
Жиналыстың құрамына уәкілетті орган айқындайтын Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарына сәйкес сайланған Ұлттық ғылым академиясының академиктері кіреді.
Жиналыстың сандық құрамы мен өкілеттік мерзімдері жарғыда белгіленеді.
14. Жиналыстың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) өтпелі төралқа мүшелерін қоспағанда, Ұлттық ғылым академиясының академиктерін, Ұлттық ғылым академиясы төралқасының мүшелерін сайлау;
2) құрметті атақтар мен наградалар беру;
3) Ұлттық ғылым академиясының стратегиясы мен даму жоспары жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау;
4) Ұлттық ғылым академиясының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет жобаларына қатысуы жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
5) Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін, Ұлттық ғылым академиясының құрылымдық бөлімшелері басшылары мен жекелеген ғалымдардың баяндамаларын тыңдау және талқылау;
6) Ұлттық ғылым академиясы қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау.
Жиналыс Қазақстан Республикасының заңнамасында және жарғыда белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыра алады.
15. Жиналысты төраға жарғыда белгіленген мерзімдерде шақырады.
16. Жиналыс отырысына жиналыс мүшелерінің көпшілігі қатысқан кезде ол құқықтық күші бар деп танылады.
17. Жиналыс төрағасының құқықтары мен міндеттері жарғыда белгіленеді.
18. Жиналыс мүшелерінің немесе оның төрағасының әрекеттеріне жиналыс отырысында шағым жасалуы мүмкін.
Жиналыс ұсынымдарын төралқа мен басқарма қарауға міндетті болып табылады.
19. Жиналыстың қызметін төралқа қамтамасыз етеді.
Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы төралқа төрағасы болып табылады.
Төралқа жиналыс отырысында кемінде үш жыл мерзімге сайланады және қызметін жиналыс атынан жүзеге асырады.
Өтпелі төралқаны қоспағанда, төралқа жиналыстың шешімімен құрылады.
20. Төралқаның айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау рәсімдерін ұйымдастыру;
2) кеңес, жиналыс қабылдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз ету;
3) Ұлттық ғылым академиясының академигі бағдарламасының орындалуына мониторингті жүзеге асыру;
4) Ұлттық ғылым академиясы басылымдарының (журналдарының, монографияларының) жоспарын қарау және бекіту;
5) Ұлттық ғылым академиясы академиктерінің төсбелгілерін, ғылыми сыйлықтар, құрметті атақтар, наградалар (медальдар) және куәліктер бекітуге ұсынымдарды тұжырымдау;
6) ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманың орындалуын үйлестіру.
Төралқа Қазақстан Республикасының заңнамасында және жарғыда белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыра алады.
21. Төралқа құрамына сайланған адамдар қатарынан екі реттен артық қайта сайлана алмайды.
Төралқа отырыстары тоқсанына кемінде бір рет шақырылады.
Отырыс кеңестің, жиналыстың бастамасы бойынша не талап етуі бойынша шақыру туралы талап келіп түскен күннен бастап үш күннен кешіктірілмей шақырылуы мүмкін.
Төралқа отырыстарын өткізуді ұйымдастыруды және оның шешімдерінің орындалуын басқарма қамтамасыз етеді.
22. Ұлттық ғылым академиясының ағымдағы қызметіне басшылықты басқарма жүзеге асырады. Ұлттық ғылым академиясының бірінші басшысы басқарма төрағасы болып табылады.
Басқарма кеңес, жиналыс және төралқа шешімдерінің негізінде және оларды орындау үшін әрекет етеді және оларға есеп береді.
23. Басқарманың сандық құрамы мен өкілеттік мерзімі жарғыда және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
Басқарма отырысын төраға жарғыда белгіленген мерзімдерде шақырады.
24. Басқарма отырысына басқарма мүшелерінің көпшілігі қатысқан кезде ол құқықтық күші бар деп танылады.
25. Басқарма төрағасының құқықтары мен міндеттері жарғыда белгіленеді.
26. Басқарманың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
1) Ұлттық ғылым академиясының ұйымдық құрылымы мен штат санын әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну;
2) Ұлттық ғылым академиясының даму жоспарын және оның орындалуы туралы есептерді әзірлеу және кеңестің бекітуіне ұсыну;
3) кеңестің, жиналыстың, төралқа шешімдерінің орындалуын ұйымдастыру;
4) Ұлттық ғылым академиясының ғылыми жетістіктері және қызметінің өзге де нәтижелері туралы басқарма есебін бекіту;
5) Ұлттық ғылым академиясының филиалдары мен өкілдіктерін құру және жабу туралы шешімдер қабылдау және олардың қызметі туралы ережелерді бекіту.
Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында және жарғыда белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыра алады.
27. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде белгіленген зейнеткерлік жасқа толған Ұлттық ғылым академиясының академигіне Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мөлшерде және тәртіппен өмір бойғы ай сайынғы стипендия белгіленеді.
2026.24.06. № 321-VIII ҚР Заңымен 28-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
28. Ұлттық ғылым академиясының қызметі бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.
2026.24.06. № 321-VIII ҚР Заңымен 29-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
29. Ұлттық ғылым академиясының мүлкі:
1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты;
2) ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтар;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түсетін түсімдер (кірістер);
4) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де түсімдер есебінен қалыптастырылады.
Ұлттық ғылым академиясы өз мүлкін тек қана жарғылық мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады.
2026.24.06. № 321-VIII ҚР Заңымен 30-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
30. Ұлттық ғылым академиясы өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.
2026.24.06. № 321-VIII ҚР Заңымен 31-тармақпен толықтырылды (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
31. Ұлттық ғылым академиясының жанында ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыс істейді.
Ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары жөніндегі уәкіл:
1) ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша олардың жолданымдарын қарайды;
2) ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер үшін консультациялық қызметті жүзеге асырады;
3) мемлекеттік органдармен, білім беру ұйымдарымен және ғылыми ұйымдармен, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалармен ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
4) Ұлттық ғылым академиясына және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының ғылым және технологиялық саясат туралы заңнамасын ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
5) ғалымдар мен ғылыми қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешуге жәрдемдесу үшін ғылыми ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді, сарапшылар мен өзге де тұлғаларды тартады.
16-бап. Технологиялардың әзірлік деңгейі
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, оның нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі конкурсқа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ұсынған ғылыми зерттеулер кезеңінің әзірлену мен аяқталу дәрежесін бағалау технологиялардың әзірлік деңгейі болып табылады.
2. Ғылыми зерттеулер кезеңінің пысықталу мен аяқталу дәрежесін бағалау ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу барысында технологиялардың әзірлік деңгейін айқындау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.
3. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қолда бар материалдық, техникалық және кадрлық ресурстарының жай-күйін бағалау ұйымдарға аккредиттеу жүргізу барысында олардың технологиялық әзірлік деңгейін айқындау әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады.
17-бап. Ғылыми-техникалық кеңестер
1. Реттелетін салалардағы салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдар мен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жанынан ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың басым бағыттары жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау, сондай-ақ ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды бағалау мақсатында ғылыми-техникалық кеңестер құрылады.