2. Жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды салалық уәкілетті органдар жанындағы ғылыми-техникалық кеңестер қарайды.
5-тарау. ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУ
18-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті басқару
Стратегиялық, сараптамалық және әкімшілік функциялардың бөлінуін сақтай отырып, Қазақстан Республикасында ұлттық ғылыми жүйені дамыту және оның жұмыс істеуі мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті басқаруды:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
3) Жоғары ғылыми-техникалық комиссия;
4) 2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) салалық уәкілетті органдар;
9) астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
19-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті басқару қағидаттары
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті басқару мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің басымдығы;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ашықтығы, объективтілігі және теңдігі;
3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама жасаудың объективтілігі мен тәуелсіздігі;
4) ғылыми зерттеулердің экономикалық тиімділігі мен нәтижелілігі;
5) ғылымды, білім беру мен өндірісті интеграциялау;
6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды ынталандыру;
20-бап. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия
1. Жоғары ғылыми-техникалық комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2026.11.06. № 306-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, мемлекеттік органдардың, Ұлттық ғылым академиясының басшылары, жетекші ғалымдар, білімнің әртүрлі салаларының сарапшылары, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және республикалық ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатарынан қалыптастырылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
3. Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттер мен басымдықтарды қалыптастыру;
2) ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындау;
3) ғылым бағыттары бойынша іргелі және қолданбалы басым ғылыми зерттеулерді айқындау;
4) ұлттық ғылыми кеңестердің ұсыныстарын қарау;
5) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қоспағанда, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметке бюджет қаражаты есебінен қаржыландыру көлемдерін айқындау және ғылымды дамытудың басым бағыттары бойынша бөлу, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыру көлемдерін айқындау;
6) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін ғылыми-техникалық тапсырмаларды айқындау;
7) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін айқындау;
2025.27.09. № 220-VIII ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді); 2026.24.06. № 321-VIII ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8) осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де міндеттер.
1. Апелляциялық комиссия алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Апелляциялық комиссияның құрамы уәкілетті органның, салалық уәкілетті органдардың, ғылыми қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, сарапшылар, сондай-ақ Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның ғалым болып табылатын мүшелерінің қатарынан қалыптастырылады.
Апелляциялық комиссияның төрағасы апелляциялық комиссия мүшелерінің қатарынан сайланады.
3. Конкурстарға қатысушылардың жолданымдары мен уәкілетті органның ұсынымдарын, оның ішінде ғылыми әдеп қағидаларын сақтау мәселелерін қарау тәртібі апелляциялық комиссия туралы ережеде белгіленеді.
4. Апелляциялық комиссияның шешімдерін ұлттық ғылыми кеңестер, уәкілетті орган және (немесе) салалық уәкілетті органдар не уәкілетті орган айқындаған, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалар міндетті түрде орындауға тиіс.
5. Апелляциялық комиссияның жұмыс органын уәкілетті орган айқындайды.
22-бап. Ұлттық ғылыми кеңестер
2026.24.06. № 321-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ұлттық ғылыми кеңестер уәкілетті органның жанынан ғылымның және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың бағыттары бойынша құрылған алқалы органдар болып табылады.
2. Ұлттық ғылыми кеңестердің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындаған басымдықтарға сәйкес мамандандырылған ғылыми бағыттарды қалыптастыру;
2) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бөлінетін қаржыландыру нысандары мен көлемдерін айқындау;
2026.24.06. № 321-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың қорытындыларын ескере отырып, ұсынылып отырған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын, ғылыми-техникалық деңгейін, перспективалылығын, әзірлену дәрежесін, технологиясының әзірлік деңгейін, олардың арнаулы бағыттарға немесе техникалық тапсырмаларға сәйкестігін, сұралатын қаржыландыру көлемінің (құнының) экономикалық тұрғыдан негізділігін бағалау;
4) Қазақстан Республикасының жаңа ғылыми бағыттардағы қажеттіліктерін бағалау;
5) бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын конкурстық іріктеуді жүзеге асыру;
6) Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ұсынатын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының іске асырылуын мониторингтеу қорытындыларын қарау, осындай есептер мен мониторингтеу қорытындыларын қарау нәтижелері бойынша шешім қабылдау.
3. Уәкілетті орган ұлттық ғылыми кеңестердің құрамдарын салалық уәкілетті органдардың, ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының және ғылыми қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары мен ұсынымдары бойынша мемлекеттік органдар өкілдерінің, құзыретті қазақстандық және шетелдік ғалымдардың қатарынан, бұл ретте әрбір ұлттық ғылыми кеңес құрамының кемінде үштен бірін мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық даму институттарының, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдері қатарынан қалыптастырады.
4. Ұлттық ғылыми кеңестер ашық дауыс беру арқылы:
ғылыми-зерттеу жұмыстарының, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын;
ғылыми-зерттеу жұмыстары, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бөлігіндегі басқа да бағдарламаларды;
Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелерінің, ұйымдары мен кәсіпорындарының қатысуымен іске асырылатын мемлекетаралық ғылыми-техникалық бағдарламалардың жобаларын;
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын уәкілетті орган айқындаған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды қаржыландыратын заңды тұлғалардың немесе тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберіндегі бюджет қаражаты есебінен гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату), іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру (қаржыландыруды тоқтату) туралы шешімдер қабылдайды.
5. Ұлттық ғылыми кеңестер ашық дауыс беру арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру (сатып алу) туралы техникалық тапсырма (шарт) және есеп, кәсіпкерлік субъектілерінің қаражаты есебінен ғылыми орталықтар үшін сатып алынған жабдықты пайдалануға беру актісі бар техникалық тапсырма (шарт) және есеп бойынша шешім қабылдайды.
6. Ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерін уәкілетті орган және салалық уәкілетті органдар міндетті түрде орындауға тиіс.
7. Ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері нақты мәселелерді қарау кезінде өздеріне мәлім болған мүдделер қақтығысы туралы кеңесті хабардар етуге міндетті және кеңес қабылдайтын шешімдердің объективтілігі мен негізділігі үшін жауапты болады.
8. Ұлттық ғылыми кеңестер ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы аралық және қорытынды есептерді қабылдайды.
9. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы Ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері болып табылатын қазақстандық және шетелдік ғалымдардың іссапар шығыстарын қоса алғанда, ұлттық ғылыми кеңестердің қызметін ұйымдастыруды бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.
10. Ұлттық ғылыми кеңестер туралы ереженің құрылымына ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің ғылыми әдеп қағидалары кіреді.
Ұлттық ғылыми кеңес мүшесінің ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің ғылыми әдеп қағидаларының талаптары мен ережелерін бұзуы оны ұлттық ғылыми кеңестің құрамынан шығаруға негіз болып табылады.
23-бап. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы
1. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары сараптамасын әкімшілендірудің бірыңғайлығын, оның тәуелсіздігін, ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығын құрады.
2. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы:
1) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің аккредиттелген субъектілері іске асыратын, бюджет қаражаты және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
2) ұлттық ғылыми кеңестердің жұмысын ұйымдастыруды және ұлттық ғылыми кеңестердің мүшелері туралы ақпаратты өз интернет-ресурсында орналастыруды жүзеге асырады;
3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамасы нәтижелерінің қорытындыларын және сараланған тізімдерін ұлттық ғылыми кеңестерге жібереді;
4) орындалған ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының нәтижелерін бағалайды;
5) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуын мониторингтеуді және оның қорытындыларын ұлттық ғылыми кеңестерге жіберуді жүзеге асырады;
6) қазақстандық және шетелдік сарапшылардың құрамын сапалы іріктеуді қамтамасыз етеді;
7) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, қазақстандық ғалымдар қатарынан сарапшылар құрамын іріктеуді жүзеге асырады;
8) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы әдістемелік және ұйымдастырушылық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
9) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының деректер банктерін қалыптастырады, сондай-ақ ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;
10) өз қызметін жетілдіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді;
11) бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады.
3. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардан, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінен функцияларды жүзеге асыру және өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
3) ғылыми зерттеулерге сараптама жүргізу және мониторингті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен өзге де ұйымдарды, қазақстандық және (немесе) шетелдік ғалымдарды тартуға;
4) белгіленген тәртіппен шетелдік ғылыми ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
5) ғылыми-техникалық қызмет саласында консультативтік-кеңесші органдар құруға;
6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті дамыту мәселелері жөніндегі іс-шараларды өткізуге;
7) баспа қызметін жүзеге асыруға құқығы бар.
4. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
24-бап. Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау
1. Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау ғылыми жетістіктерді, инновациялар мен жаңа технологиялар нарығын мониторингтеу, олардың бейімделу әлеуетін бағалау және оларды өнеркәсіп салалары, өнеркәсіп субъектілері бөлінісінде озық технологиялармен және ғылыми ұйымдардың технологиялық әзірлік деңгейімен сәйкестендіру үшін жүзеге асырылады.
2. Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау мынадай мақсаттарда іске асырылады:
1) ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді мемлекеттік ынталандыру шараларын жүйелі және ұзақ мерзімді жоспарлауды қамтамасыз ету;
2) ғылымды мемлекеттік ынталандыру шараларының қосылған құны жоғары тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру технологияларын әзірлеуге бағытталуы;
3) өнеркәсіптік өндірістердің технологиялылығын арттыру үшін ғылыми-практикалық шешімдер іздестіру;
4) экономика секторларының ғылыми-технологиялық және сынақ базасын орнықты дамыту;
5) отандық технологияларды жасау және өндіріске ендіру және нарыққа шығару бойынша ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге әлеуетті тапсырыс берушіні айқындау;
6) тәжірибелік-конструкторлық, ғылыми-технологиялық және сынақ базасын дамыту үшін ғылыми инфрақұрылымды қолдау;
2025.19.05. № 188-VIII ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (2025 ж. 31 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) қосылған құны жоғары Қазақстанда шығарылған тауарлардың жəне көрсететілетін қызметтердің экспорттық әлеуетін дамыту жағдайларын жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды тұжырымдау.
3. Ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу және талдау мыналарды қамтиды:
1) ғылыми жетістіктер, ноу-хау, инновациялар және зияткерлік меншік объектілері туралы ғылыми-техникалық ақпаратты жинауды, өңдеуді және талдауды жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері арасында ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
3) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың (есептердің), сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының іске асырылуына және олардың нәтижелеріне кешенді талдау жүргізу;
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру нәтижелерінің деректер банктерін қалыптастыру;
5) ғылыми-техникалық ақпаратты талдауды әдістемелік және ұйымдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету.
4. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен «Қазақстан ғылымы» бірыңғай цифрлық жүйесі немесе Ұлттық инновациялық жүйенің «бірыңғай терезесі» арқылы ғылыми-техникалық ақпаратты алуына құқығы бар.
5. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің жоспарлары ғылыми жетістіктер мен инновациялар жөніндегі өзекті ақпарат ескеріле отырып іске асырылады.
25-бап. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама
1. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын талдамалық бағалауды дайындау мақсатында сараптама қорытындыларының тәуелсіздігі, объективтілігі, құзыреттілігі, кешенділігі, анықтығы, толықтығы мен негізділігі қағидаттары бойынша жүзеге асырылады.
2026.24.06. № 321-VIII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Бюджет қаражаты және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің, жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен қаржыландыруға жататын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы құзыретті қазақстандық және шетелдік сарапшылар жүргізеді, олардың негізгі міндеттері ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-зерттеу қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығын, ұсынылатын ғылыми-техникалық деңгейін, өзектілігін, перспективалығын, әзірлену дәрежесін, технологияларының әзірлік деңгейін және сұралатын қаржыландыру көлемінің (құнының) экономикалық негізділігін ескере отырып, объектілерді сараптамалық бағалау болып табылады.
Қазақстандық және шетелдік ғалымдар мен сарапшыларды іріктеу олардың мамандануына және қаралатын өтінімге үлестес болмаған кезде ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларының ерекшеліктеріне сәйкес ғылыми метрикалық көрсеткіштер негізінде үш жылға жүргізіледі.
3. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізуге сарапшыларды тарту үшін шетелдік сарапшылардың дерекқоры жасалады, олардың кандидатураларын шетелдік жетекші университеттер, ғылыми-зерттеу мекемелері, ғылым академиялары мен ғылыми қоғамдастықтар ұсынады.
4. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын бағалауға тартылған ғалымдар, сарапшылар, оның ішінде шетелдік ғалымдар, сарапшылар сараптамаға ұсынылған материалдардың құпиялылығын сақтауға және коммерциялық құпиясының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
26-бап. Ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы есептерді мемлекеттік есепке алу
1. Іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы есептерді мемлекеттік есепке алу ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық ресурсын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық әлеуетінің серпінін мониторингтеу мақсатында жүзеге асырылады.
2. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері бюджет қаражаты есебінен және (немесе) жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуға ұсынуға міндетті.
Бұл ретте жер қойнауын пайдаланушылардың ғылым саласындағы міндеттемелері шеңберінде жер қойнауын пайдаланушылардың қаражатынан қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобалары және олардың орындалуы жөніндегі есептер құпия ақпаратты және коммерциялық құпияны ашпайтын нысанда ұсынылады.
3. Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін комерцияландыру жобаларын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы есептерді мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз етеді және уәкілетті орган мен салалық уәкілетті органды хабардар етеді.
4. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды орындау жөніндегі есептерді қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды орындау жөніндегі есептер уәкілетті орган мен салалық уәкілетті органдардың интернет-ресурстарында орналастырылуға жатады.
27-бап. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу
1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ерікті аккредиттеу рәсіміне жатады. Мемлекеттік қаржыландыруға қатысатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері міндетті аккредиттеу рәсіміне жатады.
2. Уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеуді олардың технологиялық әзірлік деңгейін ескере отырып, олардың қаражаты есебінен жүзеге асырады.
28-бап. Ғылыми қызметкерлерге еңбекақы төлеу
2026.24.06. № 321-VIII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мемлекеттік тапсырысты орындайтын не бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыратын ғылыми ұйымдардың, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылыми қызметкерлеріне және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің өзге де аккредиттелген субъектілеріне еңбекақы төлеу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
2. Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды базалық қаржыландыру және қаржыландыру шеңберінде немесе гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары бойынша бекітілген сомалар шегінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге тиісті дипломы немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлігі болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша: