«Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 31 тамыздағы № 865 бұйрығы

 «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 31 тамыздағы № 865 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 69 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20836 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Мемлекеттік қызмет жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарға көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе), оның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы, көрсетілетін қызметті берушінің атауы, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері, мемлекеттік қызметті көрсету/тоқтата тұру мерзімі, мемлекеттік қызметті көрсету нысаны/мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын алым сомасы және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі, мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан сұралатын құжаттар мен мәліметтердің тізбесі және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілетін өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбеде көрсетілген.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.