(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ШАХТИНСК ҚАЛАСЫНЫҢ 2025-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БЮДЖ...

Шахтинск қаласының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 383/16 шешімі

 

Осы редакция 2025 жылғы 20 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2025-2027 жылдарға арналған Шахтинск қаласының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 9 793 346 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша - 3 237 600 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша - 87 532 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 56 540 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша - 6 411 674 мың теңге;

2) шығындар - 9 793 346 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджеттің дефициті (профициті ) - 0 теңге;

6) бюджет дефицитін (профицитін пайдалану) қаржыландыру - 0 теңге:

қарыздар түсімдері - 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 0 теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылған қалдықтары - 0 теңге.

2. 2025-2027 жылдарға Шахтинск қалалық бюджеттен кенттердің бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі 4 қосымшаға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.

3. 2025-2027 жылдарға Шахтинск қалалық бюджеттен кенттердің бюджетіне берілетін бюджеттік нысаналы трансферттер көлемі 5 қосымшаға сәйкес қарастырылғаны ескерілсін.

4. 2025 жылға арналған Шахтинск қаласы бюджетінің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі 6 қосымшаға сәйкес бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлумен бекітілсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.