«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығына 10-қосымша) (2017.09.06. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2019.22.01. № 21 бұйрығымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2015 жылғы 6 мамырдағы

№ 7-1/418 бұйрығына

10-қосымша

 

 

«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

(2017.09.06. берілген өзгерістермен)

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz  (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2017.09.06. № 235 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу сәтіне дейін - аттестаттау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Аттестаттау бір күнде өткізіледі және мынадай екі кезеңнен тұрады: тестілеу және әңгімелесу.

Көрсетілетін қызметті алушы тестілеуден теріс нәтиже алған жағдайда аттестаттаудың екінші кезеңіне (әңгімелесу) өтпейді. Қайта тестілеу алғашқы тестілеу өткізілген күннен бастап 6 (алты) айдан кейін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында айқындалған тәртіппен өткізіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.