Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 және «Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 18 мамырдағы № 116 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 13 наурыздағы № 49 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік қызметшінің жеке ісін жүргізу үшін қажетті құжаттар тізбесінде:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі (болған жағдайда);»;
1-тармақтың алтыншы - он тоғызыншы абзацтары 2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
11-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11-1) мемлекеттік қызметшінің құқық бұзушылықтары туралы «Е-қызмет» цифрлық жүйесі арқылы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органнан сұратылатын мәліметтер;»;
2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік қызметшінің жеке ісі қағаз түрінде бір данада жүргізіледі және мемлекеттік қызметшінің жұмыс орны бойынша мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) (немесе персоналды басқару қызметінің міндеттерін орындау жүктелген бөлімшеде) сақталады. Мемлекеттік қызметшілердің жеке істері «Е-қызмет» цифрлық жүйесінде немесе персоналды басқару бойынша ведомстволық цифрлық жүйеде электрондық түрде қалыптасады.
Ескертпе: Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын мемлекеттік қызметшілердің жеке істері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде және осы адамдар жұмыс істейтін мемлекеттік органда жүргізіледі.