Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына көрсетілетін төлем қызметтері, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер беру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2022 жылғы 21 қарашадағы № 96 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының көрсетілетін төлем қызметтері, төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы мәліметтер беру мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі бекітілсін.
2. Төлем жүйелері департаменті (Е.Т. Ашықбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (А.С. Қасенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және 2023 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.