«Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 141 бұйрығы (күші жойылды)

«Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 141 бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 222 бұйрығымен күші жойылды

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Шетелге, оның ішінде «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде оқуға жіберу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 346 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11533 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарына шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері арасында мынадай рәсімдерден тұрады:

1-рәсім - құжаттарды қабылдау жөніндегі бөлімшенің қызметкері құжаттарды қабылдайды, өтінішті тіркеп, 1 (бір) жұмыс күні ішінде ОҚБ-ға орындау үшін тапсырады;

2-рәсім - ОҚБ құжаттың толықтығын, бұған дейінгі төлемнің болуын және стандартқа 2-қосымшада көрсетілген көрсетілетін қызметті алушының шығыстарын растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексеріп, ҚҰБ-ға 1 (бір) жұмыс күні ішінде келісуге тапсырады;

3-рәсім - ОҰБ көрсетілетін қызметті алушының деректерін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы стипендиаты мәртебесінің болуына тексереді, көрсетілетін қызметті алушыны орналастыру және оқыту бойынша мәліметті ұсынады және 1 (бір) жұмыс күні ішінде келісілген өтінішті ОҚБ-ға қайтарады;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.