«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) тіркеуші (өтінім беруші) - пестицидтерді тіркеу (ұсақ-түйек және өндірістік) сынақтарын жүргізуге, сондай-ақ тіркеу куәлігін алу үшін пестицидтерді мемлекеттік тіркеуге өтінім берген жеке немесе заңды тұлға.»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) шетелдік тыңайтқыштарды өндіруші - тіркелген тыңайтқыштар өндірушісі (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденті;»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: