Осы редакция 2025 ж. 15 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2024 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 479 бұйрығына 5-қосымша
«Технологиялық жабдықтарды пайдалану және жөндеу»
кәсіптік стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Кәсіптік стандарттың қолдану аясы:
«Технологиялық жабдықтарды пайдалану және жөндеу» кәсіптік стандарты жабдықтың қауіпсіз және тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін әртүрлі салаларда қолданылады. Экономикалық қызметке құрал-жабдықтарды инвестициялау, оны пайдалану, тұрақты техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жатады.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады:
1) білім - кәсіби міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерттелген және игерілген ақпарат;
2) дағды - кәсіби тапсырманы толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен дағдыларды қолдану мүмкіндігі;
3) жөндеу - магистральдық құбырдың желілік бөлігінің және (немесе) оның объектілерінің толық немесе ішінара пайдалану ресурсының жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар (операциялар) кешені;
4) магистральдық құбыр - өнімді қауіпсіз тасымалдауды қамтамасыз ететін желілік бөліктен және объектілерден тұратын, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келетін бірыңғай өндірістіктехнологиялық кешен;
5) машық - кәсіби міндет шеңберінде жеке бірлік іс-әрекеттерді физикалық және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;
6) мұнай айдау станциясы - магистральдық мұнай құбыры арқылы мұнайды қабылдауды, жинақтауды, сондай-ақ айдауды қамтамасыз етуге арналған құрылыстар кешені мен жабдықтар. МАС негізгі элементтері сорғы агрегаттары, резервуарлар, жеткізуші және таратушы құбырлар жүйелері, есептеу тораптары, тазалау құрылғылары мен диагностиканың ағынды құралдарын қабылдау және іске қосу құрылғылары, сондай-ақ майлау, желдету, жылыту, энергиямен жабдықтау, сумен жабдықтау, автоматика, телемеханика және т. б. жүйелері болып табылады;