«Әкімдіктің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 549 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 440 Қаулысы (күші жойылды)

Әкімдіктің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 549 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 440 Қаулысы

 

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 қаңтардағы № 2 Қаулысымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 549 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6764 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының кеңселері;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға арналған өтінімді қарастыру нәтижелері туралы хабарлама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11284 болып тіркелді) (бұдан әрі - Стандарт) не көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 10-1 тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.