Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 720 Жарлығымен мақұлданған) (2016.18.07. берілген өзгерістермен)

2-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2013 жылғы 31 желтоқсандағы

№ 720 Жарлығымен

МАҚҰЛДАНҒАН

 

 

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының кадр саясаты

тұжырымдамасы

(2016.18.07. берілген өзгерістермен)

 

 

Астана, 2013 жыл

 

Мазмұны

 

1-тарау. Құқық қорғау органдарының кадр саясатын дамытудың пайымы

2-тарау. Құқық қорғау органдарын кадрмен қамтамасыз етуді дамытудың негізгі қағидаттары мен жалпы тәсілдері

3-тарау. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасын іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

 

Пайдаланылатын терминдер мен айқындамалар:

бәсекеге қабілеттіліктің интегралдық көрсеткіші - лауазым үшін негізгі параметрлер мен кәсіби жетістіктердің объективті көрсеткіштерін есепке алу негізінде қызметкердің кәсіби әлеуетінің қалыптандырылған сандық көрсеткіші;

кәсіби құзыреттілік моделі - берілген стандарттарға сәйкес қызметкердің міндеттерді орындау мүмкіндігі мен қабілетін айқындайтын оның білімі, тәжірибесі мен мінез-құлық моделі;

кадр ресурстарын жоспарлау - органның стратегиялық міндеттеріне қол жеткізу үшін түрлі санаттардағы мамандарға сапалық және сандық қажеттілікті айқындау;

жұмыс тиімділігінің негізгі көрсеткіштері - құқық қорғау органының стратегиясы негізінде қалыптасқан және қызметкердің жедел-қызметтік мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуі бойынша қызметін бағалауға бағытталған көрсеткіштер;

қызмет орны бойынша кәсіби даярлау - іс-тәжірибені игеру және оларды тікелей қызмет кезінде байқаудан өткізу жолымен қажетті кәсіби дағдыларды дамыту;

кәсіби білімді басқару жүйесі - туындаған проблемаларды шешудегі үздік оң тәжірибесін іздеу, сақтау және тарату процесін ұйымдастырудың оқшауланған ақпараттық жүйесі;

жұмыстарды стандарттау - қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызметінің нәтижелеріне алгоритмдер, қағидалар мен талаптар белгілеу;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.