«Мамандандырылған әкімшілік соттар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 500 Жарлығы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ

ЖАРЛЫҒЫ

 

Мамандандырылған әкімшілік соттар туралы

 

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 3-бабының 3-тармағына, 6-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес мамандандырылған ауданаралық және мамандандырылған әкімшілік соттар қайта аталсын.

2. Қайта аталатын соттардың төрағалары мен судьялары қайта аталған соттардың төрағалары мен судьялары деп есептелсін.

3. Мынадай:

1) Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары;

2) Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары;

3) Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарының № 2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттары құрылсын.

4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

5. Осы Жарлық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

      Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 26 қаңтар

 

               № 500

 

Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2021 жылғы 26 қаңтардағы

№ 500 Жарлығына

ҚОСЫМША

 

 

Мыналар:

1) Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты болып;

2) Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты болып;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.