Кепілдік, банктік салым кепілін, мүлік кепілін және сақтандыру беру туралы өтініштердің нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 шілдедегі № 237 бұйрығы
(2024.14.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 148-бабының 5-тармағының екінші бөлігіне, 149-бабының 6-тармағының екінші бөлігіне, 150-бабының 3-тармағының екінші бөлігіне, 151-бабының 2-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде кепілдікті қабылдау туралы өтініш нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілі шартын жасасу туралы өтініш нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде мүлік кепілі шартын жасасу туралы өтініш нысаны осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде сақтандыру шартын қабылдау туралы өтініш нысаны осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылаукомитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.