10-тармағы 1) тармақшасының бірінші абзацы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
1) 1-бапта:
3) тармақша «балық шаруашылығы» деген сөздерден кейін «және аквашаруашылық» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармағы 1) тармақшасының үшінші абзацы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
4) тармақша алып тасталсын;
6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қарсы міндеттемелер - мемлекеттік қолдау шараларын алған кезде қабылданатын агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің міндеттемелері;»;
10-тармағы 1) тармақшасының алтыншы - он бірінші абзацтары 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
мынадай мазмұндағы 6-4) және 6-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері - агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
6-5) агротехникалық (дақылдық-техникалық) мелиорациялық іс-шаралар - өзіне:
мелиорацияланатын жерлерді ағашты және шөптесін өсімдіктерден, тастардан және өзге де заттардан тазартуды;
терең қопсытуды, құмдауыттандыруды, топырақтандыруды, плантаждауды, сазбалшықтандыруды;
топырақты қорғау іс-шараларын қамтитын, жерді түбегейлі жақсарту жөніндегі техникалық іс-шаралар кешені;»;
13) тармақша «қайта өңдеу» деген сөздерден кейін «және балық аулау объектілерін қайта өңдеу (өңдеу)» деген сөздермен толықтырылсын;
26) тармақша «балық шаруашылығы» деген сөздерден кейін «, аквашаруашылық» деген сөзбен толықтырылсын;
10-тармағы 2) тармақшасы 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
2) 6-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 41-15) және 41-16) тармақшалармен толықтырылсын:
«41-15) өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарына кепілдік беру кезінде комиссияның бір бөлігін және қарыздарын сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін өтеу;
41-16) агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит және лизинг беру кезінде қаржы институттарының сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялауды жүзеге асыру;»;
10-тармағы 3) тармақшасының бірінші және екінші абзацтары 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
3) 7-баптың 2-тармағында:
12-4) тармақшадағы «агроөнеркәсіптік» деген сөз «құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік» деген сөздермен ауыстырылсын;
13) тармақшаның төртінші абзацындағы «тоған, тауарлы көл, балық өсіретін су шаруашылықтарын» деген сөздер «балық шаруашылығын, аквашаруашылықты» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-бапта:
1-тармақтағы «сондай-ақ, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін жағдай жасау арқылы ауыл халқының тұрмыс деңгейін көтеруге, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, техникалық жарақтандыру мен басқа да ілеспе қызмет салаларын қамтамасыз етуге, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытуға» деген сөздер «сондай-ақ өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, балық шаруашылығын және аквашаруашылықты, ауыл шаруашылығы шикізаты мен тамақ өнеркәсібін қайта өңдеу, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, техникалық жарақтандыру мен басқа да ілеспе қызмет салаларын қамтамасыз ету, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту үшін жағдай жасау арқылы ауыл халқының өмір сүру деңгейін арттыруға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын аквашаруашылық субъектілерін мемлекеттік ынталандыру осы Заңға және «Аквашаруашылық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.»;
5) 10-баптың 2-тармағында:
2) тармақшадағы «балық шаруашылығына» деген сөздер «балық шаруашылығы мен аквашаруашылыққа» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-1) тармақшадағы «жасанды түрде балық өсіру» деген сөздер «аквашаруашылық» деген сөзбен ауыстырылсын;
6) 11-бапта:
1-тармақ 2) тармақшасындағы «арттыру жағдайында агроөнеркәсіптік кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.» деген сөздер «арттыру;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қарсы міндеттемелерді қабылдау жағдайында агроөнеркәсіптік кешен салаларының дамуын экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады.»;
2-тармақ мынадай мазмұндағы 8-12) тармақшамен толықтырылсын:
«8-12) балық өнімін қайта өңдеуді субсидиялау;»;
10-тармағының 7) тармақшасы 2025 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
7) 13-1-бапта:
1-тармақтағы «Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік мекеме» деген сөздер «Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші абзацындағы «Мемлекеттік мекеменің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақтағы «Мемлекеттік мекемені» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынды» деген сөздермен ауыстырылсын.
11-тармақ 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
11. «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-тармақтың бірінші абзацы «өндіруші ұйым» деген сөздерден кейін «, егер осы баптың 1-1-тармағында өзгеше көзделмесе,» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) кемінде жиырма бес пайызы тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйым өндірілетін электр энергиясын:
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 16-тармағына сәйкес жасалған электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйымдарға, және (немесе) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-2-тармағына сәйкес жүйелік операторға сатуға (өткізуге) құқылы.».
12-тармақ 2025 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді
12. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-қосымша мынадай мазмұндағы 154-1, 261-1, 267-1 және 316-2-жолдармен толықтырылсын:
«