«Әр түрлі сыныпты полигондарда орналастырылатын қалдықтар тізімдемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 2 тамыздағы № 244-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 296 бұйрығы
(2018.25.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 361 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әр түрлі сыныпты полигондарда орналастырылатын қалдықтар тізімдемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 2 тамыздағы № 244-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4897 болып тіркелді, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 14 қыркүйекте № 141 (1170) жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтардың тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтардың тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр түрлі сыныпты полигондарда орналастырылатын қалдықтар тізімдемесі (бұдан әрі - Тізбе) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;