Цифрлық қаржы активтердің эмитенттері мен инвесторларына және цифрлық қаржы активтердің шығарылымы туралы шешіміне, жеке тұлғаларды цифрлық қаржы активтермен мәмілелерді жүзеге асыру мақсатында білікті инвесторлар деп танудың қағидалары мен шарттарына талаптарды, сондай-ақ Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген цифрлық қаржы активтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 76 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 3)-тармақшасына және 6-бабының 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Цифрлық қаржы активтердің эмитенттері мен инвесторларына және цифрлық қаржы активтердің шығарылымы туралы шешіміне, жеке тұлғаларды цифрлық қаржы активтермен мәмілелерді жүзеге асыру мақсатында білікті инвесторлар деп танудың қағидалары мен шарттарына талаптары;
2) Білікті инвесторлардың қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат етілген цифрлық қаржы активтердің тізбесі бекітілсін.
2. Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2)-тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы 2026 жылғы 1 мамырынан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.