«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 5-НҚ нормативтік қаулысы

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2025 жылғы 29 мамырдағы № 5-НҚ нормативтік қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың:

1) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 10-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24213 болып тіркелген) нормативтік қаулысының;

2) «Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы 20 ақпандағы № 6-НҚ нормативтік қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31937 болып тіркелген) бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің өзгерістер енгізілетін нормативтік қаулылары тізбесінің 3-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы аппаратының Халықаралық ынтымақтастық және әдіснама департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының аппарат басшысына жүктелсін.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.