Жария сервитутты белгілеу туралы
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 24/03 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «BrightRock Resources» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 27,8434 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2030 жылдың 14 маусымына дейін жария сервитут белгіленсін.