«15-19 жастағы жасөспірімдердің арасында қызылшаға қарсы вакцина егуге жағымсыз құбылыстар бойынша жағдайды зерделеу үшін жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 109 бұйрығы (күші жойылды)

15-19 жастағы жасөспірімдердің арасында қызылшаға қарсы вакцина егуге жағымсыз құбылыстар бойынша жағдайды зерделеу үшін жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 109 бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаевтың 2015 жылғы 25 ақпандағы кеңесі хаттамасының 3-тармағына сәйкес және 15-19 жастағы жасөспірімдердің арасында қызылшаға қарсы вакцина егуге жағымсыз құбылыстардың туындау себептерін анықтау мақсатында, сондай-ақ қалыптасқан жағдайларды шешу бойынша ұсыныстарды дайындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 15-19 жастағы жасөспірімдердің арасында қызылшаға қарсы вакцина егуге жағымсыз құбылыстардың туындау себептерін анықтау жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - Жұмыс тобы) құрылсын.

2. Жұмыс тобының мүшелері 2015 жылғы 6 наурызға дейін қалыптасқан жағдайлар бойынша ұсынысты өңдеп, Жұмыс тобының басшысына ұсынсын.

3. Жұмыс тобы 2015 жылғы 20 сәуірге 15-19 жастағы жасөспірімдердің арасында қызылшаға қарсы вакцина егуге жағымсыз құбылыстардың туындау себептерін анықтау туралы қорытындыны ұсынсын.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы 3 наурыздағы

№ 109 бұйрығына

қосымша

 

 

15-19 жастағы жасөспірімдердің арасында қызылшаға қарсы вакцина егуге жағымсыз
құбылыстар бойынша жағдайды зерделеу
үшін жұмыс тобының құрамы

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.