(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САҚТАНДЫРУ ХОЛДИНГІНІҢ НЕМЕСЕ САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚ...

Осы редакция 2019 жылғы 16 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі Басқармасының

2017 жылғы 31 шілдедегі

№ 149 қаулысына

6-қосымша

 

 

«Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру)

ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру»

 мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.

«Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: көрсетілетін қызметті алушының атына сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының мәртебесін иеленуге келісім беру туралы хатты жіберу не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Сақтандыру холдингінің немесе сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ірі қатысушысының мәртебесін иеленуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 24-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз жеткізгіште алуға өтініш жасаған жағдайда нәтиже электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.