«Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына және «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру обьектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 374-н/қ бұйрығы

«Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына және «Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының ақпараттандыру обьектісін пайдалана отырып, электрондық нысанда аукцион өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 269 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2025 жылғы 6 қазандағы № 374-н/қ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1-тармақтың бірінші абзацы 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17140 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;

1-тармақтың 3 - 10 абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшартта:

23-1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«23-1. Сарқылып жатқан кен орнында көмірсутектерді өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы осындай сарқылып жатқан кен орнын игеру үшін инвестициялық міндеттемені және (немесе) Келісімшарттың 22-тармағының 3) тармақшасында белгіленген тәртіппен өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуды Кодекстің 153-1 бабына сәйкес белгіленген инвестициялау коэффициентінің көбейтіндісі ретінде есептелетін сомадан кем емес жәнеалдыңғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің 757-бабына сәйкес салықтық есепті жүргізу саясатында бекітілген жер қойнауын пайдаланушының бөлек салықтық есебін жүргізу әдістемесіне сәйкес есептелген осындай кен орны бойынша жылдық жиынтық табыс сомасының мөлшерінде қосымша қаржыландыруды орындауға міндетті.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.