«Астана қаласы әкімдігінің атқарушы органдарының ережелерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 504-1768 Қаулысы
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі № 1-449 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Астана қаласы әкімдігінің атқарушы органдарының ережелерін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 06-433 қаулысына 5-қосымшаға осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін.
2. «Астана қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысына осы қаулының көшірмелерін баспа және электрондық түрде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Қазақстан Республикасы «Әділет» министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдау және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.К. Әмринге жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 504-1768 қаулысына
қосымша
«Астана қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ережеге енгізілетін
өзгеріс пен толықтырулар
«Астана қаласының Қалалық ортаны регенерациялау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: