«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 350-VIII Заңы

Предыдущая страница

9. Жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясының шешімін Палатаның тəртіптік комиссиясына осы шешім жария етілген күннен бастап үш ай ішінде даулауға болады.

28-2-бап. Палатаның тəртіптік комиссиясы

1. Палатаның басқару органдарының мүшелерін тəртіптік жауаптылыққа тартуды Палатаның тəртіптік комиссиясы жүзеге асырады.

Палатаның тəртіптік комиссиясы жолданымдарды да, жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясының шешімдеріне шағымдарды да қарайды, тəртіптік практиканы жинақтап қорытады.

Палатаның тəртіптік комиссиясы - Палатаның тəуелсіз органы. Палатаның тəртіптік комиссиясының шешімдері міндетті сипатқа ие.

Палатаның тəртіптік комиссиясының құрамына Палата басқармасының ұсынуы бойынша сот-сараптама практикасының кемінде бес жыл өтілі бар үш жеке сот сарапшысы, сот-сараптама қызметінің кемінде бес жыл өтілі бар сот сараптамасы органының үш сарапшысы, сондай-ақ уəкілетті органның ұсынуы бойынша жұртшылық өкілі кіреді.

Жеке сот сарапшысы Палатаның тəртіптік комиссиясының төрағасы болады.

Бір адам Палатаның тəртіптік комиссиясында бір мерзімнен артық бола алмайды. Палатаның тəртіптік комиссиясы туралы ережені жəне тəртіптік жауаптылыққа тарту тəртібін уəкілетті органмен келісу бойынша Палата басқармасы бекітеді. Палатаның тəртіптік комиссиясының өкілеттік мерзімі екі жылды құрайды.

2. Палатаның басқару органдарының мүшелерін тəртіптік жауаптылыққа тарту осы Заңның 28-1-бабының ережелері сақтала отырып жүргізіледі.

3. Палатаның тəртіптік комиссиясы мынадай тəртіптік жаза шараларын қолдануға құқылы:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) қатаң сөгіс;

4) кезектен тыс аттестаттауға жіберу.

4. Палатаның тəртіптік комиссиясының жолданымды, жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясының шешіміне, əрекеттеріне (əрекетсіздігіне) шағымды қарау нəтижелері бойынша:

1) жолданымды, шағымды - қанағаттандырусыз, ал жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясының шешімін өзгеріссіз қалдыруға;

2) жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясының шешімін өзгертуге;

3) жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясының шешімінің күшін жоюға жəне жаңа шешім қабылдауға;

4) істі жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясына жаңадан қарауға жіберуге жəне жеке сот сарапшыларының тəртіптік комиссиясын белгілі бір əрекеттер жасауға міндеттеуге құқығы бар.

Егер Палатаның тəртіптік комиссиясының отырысына оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, ол заңды деп есептеледі.

Палатаның тəртіптік комиссиясының шешімі отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

Палатаның тəртіптік комиссиясының шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін.»;

15) 30-бапта:

1-тармақ «сондай-ақ» деген сөзден кейін «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында,» деген сөздермен толықтырылсын;

23-тармағының 15) тармақшасының үшінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

2-тармақ «, олар міндетті түрде тіркелуге, ал олар туралы мəліметтер сот-сараптама қызметінің бірыңғай цифрлық жүйесіне енгізілуге тиіс» деген сөздермен толықтырылсын;

23-тармағының 16) тармақшасы ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жəне ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі

16) 36-баптың 2-тармағының екінші бөлігі алып тасталсын;

23-тармағының 17) тармақшасы ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жəне ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі

17) 47-баптың 2-тармағындағы «қызметкері» деген сөз «сарапшысы» деген сөзбен ауыстырылсын;

23-тармағының 18) тармақшасы ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жəне ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі

18) 52-бапта:

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Жеке сот сарапшысы өз қызметін дербес қаржыландырады.»;

2-тармақта:

«мөлшері мен тəртібі» деген сөздер «тəртібі» деген сөзбен ауыстырылсын;

орыс тіліндегі мəтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мəтін өзгермейді;

мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

«3. Сот сараптамасы органы мен жеке сот сарапшылары жүргізетін сот сараптамасының құны сот сараптамасын жүргізу құнын айқындау қағидаларына сəйкес айқындалады.»;

19) 54-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«54-бап. Сот-сараптама қызметін ғылыми-əдістемелік қамтамасыз ету

Сот-сараптама қызметін ғылыми-əдістемелік қамтамасыз ету Палатаның қатысуымен уəкілетті органның сот сараптамасы органына жүктеледі.»;

23-тармағының 20) тармақшасы ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жəне ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі

20) 58-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Тиісті кəсіби деңгейді қамтамасыз ету үшін сот сараптамасы органының сарапшылары жəне жеке сот сарапшылары бес жылда бір рет сот сараптамасы органдарында, білім беру ұйымдарында жəне өзге де ұйымдарда тиісті сараптама мамандығы бойынша біліктілігін арттырудан өтуге тиіс.»;

23-тармағының 21) тармақшасы ҚР Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жəне ҚР Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі

21) 59-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«59-бап. Сот сараптамасы органының сарапшыларына еңбекақы төлеу жəне өзге де қамсыздандыру

Сот сараптамасы органының сарапшыларына еңбекақы төлеу, демалыс беру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жүзеге асырылады.».

24. «Жайылымдар туралы» 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

14-баптың 3-тармағындағы «елу» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын.

25. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

10-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Кəсіпкерлік субъектілерінен тұрғынжайды бюджет қаражаты есебінен сатып алу конкурс тəсілімен ғана жүзеге асырылады.».

26. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2026 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

28-баптың 5-тармағының 1) тармақшасы «судьялар,» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының судьялары,» деген сөздермен толықтырылсын.

2-бап.

1. Осы Заң:

1) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 21-тармағын;

2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 14) тармақшасын, 8-тармағының 4), 5) жəне 6) тармақшаларын, 8) тармақшасының үшінші - тоғызыншы, он бірінші, он екінші абзацтарын, 10) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтарын, 11) тармақшасының екінші - сегізінші, оныншы - он төртінші абзацтарын, 12) тармақшасын, 15) тармақшасының екінші - төртінші абзацтарын, 17) тармақшасының төртінші жəне бесінші абзацтарын, 9-тармағын, 10-тармағының 2) тармақшасының он бірінші жəне он екінші абзацтарын, 4) тармақшасының екінші жəне үшінші абзацтарын, 5) тармақшасының жетінші - он алтыншы абзацтарын, 6), 7) жəне 8) тармақшаларын, 13) тармақшасының төртінші - оныншы абзацтарын, 15) тармақшасының бесінші - сегізінші абзацтарын, 17 жəне 18-тармақтарын;

3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағының 1) - 4) тармақшаларын, 7) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын, 8) тармақшасының екінші - он төртінші абзацтарын, 10) тармақшасының үшінші жəне төртінші абзацтарын, 11) тармақшасының үшінші, жетінші жəне сегізінші абзацтарын, 10-тармағының 12) тармақшасының үшінші абзацын, 16-тармағын, 23-тармағының 6) тармақшасын, 10) тармақшасының екінші абзацын, 15) тармақшасының үшінші абзацын;

4) 2027 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 10) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. Осы Заңның 1-бабының 3 жəне 4-тармақтары, 23-тармағының 2) тармақшасының екінші, үшінші, бесінші - сегізінші абзацтары, 4) тармақшасының екінші - он үшінші абзацтары, 5), 7), 9) жəне 11) тармақшалары, 13) тармақшасының төртінші абзацы, 14), 16), 17), 18), 20) жəне 21) тармақшалары Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жəне Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін қолданысқа енгізіледі деп белгіленсін.

3. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін мəслихаттар төрағалары болып сайланған адамдар өздері сайланған мерзім өткенге дейін өз өкілеттіктерін сақтайды.

Осы Заң қолданысқа енгізілген кезде мəслихат төрағасы лауазымында болудың ағымдағы мерзімі мерзімдер саны бойынша шектеуді қолдану мақсаты үшін алғашқы мерзім болып есептеледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2026 жылғы 14 шілде

№ 350-VIII ҚРЗ