Микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 210 Қаулысы
(2026.20.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026.03.04. № 50 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 20 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 4-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қаржы ұйымдарының әдіснамасы және реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Сыртқы коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.
5. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Ұлттық Банк Төрағасы |
Е. Досаев |
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021.16.04. № 56 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)