Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптарды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 13 сәуірдегі № 12/236 нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 13 сәуірдегі № ҚР ДСМ-32 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 59-бабы 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі БҰЙЫРАДЫ:
1. Бекетілсін:
1) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптар осы бірлескен қаулы мен бұйрықтық 1-қосымшасына сай;
2) Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтірілетін аурулардың тізбесі бекітілсін осы бірлескен қаулы мен бұйрықтық 2-қосымшасына сай.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
1) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен нормативтік қаулы мен бұйрықтың мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Заң шығару және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.