Аң аулау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығы
(2026.17.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025.27.03. № 74 бұйрығымен (2025 ж. 13 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.30.09. № 220 бұйрығымен (2026 ж. 17 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 231) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Аң аулау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
С. Омаров |
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
А. Сәрінжіпов
2015 жылғы «___» _________
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрі
Қ. Қасымов
2015 жылғы 11 сәуір
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/157 бұйрығымен
бекітілген
Аң аулау қағидалары