«Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 387-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2026 жылғы 10 маусымдағы № 282-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 387-НҚ «Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережеде:
2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы тармақтың екінші бөлігі тек орталық мемлекеттік органдардың орталық аппаратарына және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері аппараттарына қолданылады.».