«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 703/НҚ «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 17 шілдедегі № 421/НҚ бұйрығы

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 703/НҚ «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 17 шілдедегі № 421/НҚ бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 703/НҚ ««Астана Хаб» дербес кластерлік қоры қызметінің қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37807 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Астана Хаб» дербес кластерлік қоры қызметінің қағидаларында:

4-тармақтың:

бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген Қордың функцияларын орындау цифрлық технологияларды дамытуды ынталандыру мақсаты үшін Қор әзірлейтін бағдарламаларды іске асыру арқылы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:»;

9) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«9) цифрлық технологиялар саласында талдамалық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

10) цифрлық технологиялар саласында технологиялық бизнес-инкубациялау;»;

12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«12) цифрлық технологиялар саласындағы отандық және шетелдік сарапшыларды тарту;»;

6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) беру немесе айрықша (мүліктік) құқықтарды ұсыну туралы шарт бойынша цифрлық технологиялар саласындағы отандық әзірлемелердің нәтижелерін коммерциялық іске асыру және (немесе) оларға құқықтарды беру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;»;

7-тармақ:

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

«6-1) Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 536-бабының 2), 3), 4) және 9) тармақшаларында көрсетілген тауарларды ілгерілетуге, маркетингке және (немесе) өткізу көлемін ұлғайтуға бағытталған жобаларды іске асырмауы тиіс;»;

мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.