«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 760 бұйрығы

«Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 760 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарын ашу жөнiндегi мәселелердi шешу үшiн бастамашы маршрут схемасы мен ол бойынша қозғалыс кестесiн әзiрлейдi және оларды тасымалдауды ұйымдастырушыларға:

тұрақты халықаралық маршруттар бойынша – автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органға;

жолаушылар мен багажды автомобильмен қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) және республикалық маңызы бар қалаларда, астанада қалалық және қала маңындағы тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша – облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарына;

жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттары бойынша – аудандардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарына жібереді.

Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік, ауданаралық, қалааралық облысаралық автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған автобустардың қозғалыс кестесі осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес қалыптасады.»;

27-тармақ алып тасталсын;

92, 93 және 94-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.